2016 жылғы 31 тамыз, Астана, Үкімет Үйі
«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымында дарынды балалардың оқуына ақы төлеу үшін Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің – Елбасының «Өркен» білім беру грантын тағайындау қағидалары мен мөлшерлерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 наурыздағы №317 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымында дарынды балалардың оқуына ақы төлеу үшін Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің - Елбасының «Өркен» білім беру грантын тағайындау қағидалары мен мөлшерлерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 наурыздағы №317 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 15, 113-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымында дарынды балалардың оқуына ақы төлеу үшін ‹›Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің – Елбасының «Өркен» білім беру грантын тағайындау қағидалары мен мөлшерлерінде:
18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«18. Білім алушы мектептің жарғысында көзделген негіздер бойынша мектептен шығарылған жағдайда, Комиссия оны гранттан айыру туралы мәселені қарауға бастамашылық етеді.»;
21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«21. Гранттың мөлшерлері:
1) жатақханада тұруды есептемегенде жылына 1 803 464 (бір миллион сегіз жүз үш мың төрт жүз алпыс төрт) теңгені;
2) жатақханада тұруды есептегенде жылына 2 744 094 (екі миллион жеті жүз қырық төрт мың тоқсан төрт) теңгені құрайды.
Гранттың мөлшерлері жыл сайын индекстеуге жатады.».
Гранттың мөлшерлері жыл сайын индекстеуге жатады.».
2. Осы қаулы 2016 жылғы 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілетін 1-тармақтың үшінші және төртінші абзацтарын қоспағанда, 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К.МӘСІМОВ